Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Александр Лукашенко хоккей ойнаймын деп оңбай құлады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минскте өткен әуесқой хоккей ойыны кезінде мұзға тайып сүрінді. 

Александр Лукашенко хоккей ойнаймын деп оңбай құлады (ВИДЕО)
blik.ua

Оқиға Лукашенко командасы мен Брест облысының құрамасы арасындағы матчта болған. Тартысты ойын 5:5 есебімен аяқталды.

Кездесу үстінде түсірілген видеода президенттің құлаған сәті анық көрінеді. Эпизодта Лукашенко командасының 68-нөмірлі ойыншысы Ярослав Чуприс артқа қарай шегініп келе жатып, президентпен соқтығысып қалған. Соққының әсерінен Лукашенко тепе-теңдігін сақтай алмай, мұзға құлаған. Чуприс бірден қасына барып, оны тұрғызғаннан кейін ойын жалғасын тапқан.

Матч Минсктегі «Олимпик-Арена» мұз айдынында өтті. Брест облысының командасы сапынан Виктор Вусик, Александр Бурмистронок, Сергей Плосков, Александр Короткевич және Николай Мирончик мергендік танытып, шайба авторлары атанды. Ал ойынның үздігі ретінде қақпашы Вадим Бойко мойындалды.

Айта кетейік, мұндай әуесқой кездесулер Беларусьтегі хоккей маусымында жиі ұйымдастырылады және кейде қоғамдық назарды өзіне ерекше аударып жатады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 2
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір