ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Баян Алагөзованың келіні жағажайдағы фотосымен желіні шулатты

Қазақстандық актриса әрі әнші, "Рауза" сериалынан танылған Жарқынай Ханайым Instagram парақшасында демалыстан әсерлі кадр жариялап, көпшіліктің назарын өзіне аударды.

Баян Алагөзованың келіні жағажайдағы фотосымен желіні шулатты
instagram/@jarqin.ai

Жағажай образы: купальник, қиынды, көзілдірік

Фотода Жарқынай ақ түсті, қара жиекті, бүйірі мен іш тұсында қиындысы бар купальникпен көзге түскен. Ұзын шашын жайып, қара күннен қорғайтын көзілдірік таққан актрисаның жағажай стилі біреулерге қатты ұнаса, енді біреулердің "ұят" деген уәжін оятты.

Пікір екіге жарылды: комплимент те, сын да көп

Желіде актрисаның фотосына жанкүйерлері мен әріптестері мақтау сөз жаудырған. Сонымен қатар дәстүрлі көзқарасты ұстанатын қолданушылар тарапынан сын да жазылған.

Пікірлер ішінде мынадай реакциялар кездескен:

"Вау, керемет!" 
"Көзім ғашық болып қалды" 
"Мынау заңды ма өзі?!" 
"От қойып тұр" 
"Өзі қалағанын істейді" 
"Қайын ата-енеңнен ұялмайсың ба?" 
"Бұлай жартылай жалаңаш шығады деп ойламаппын" 

Осылайша Жарқынайдың жазбасы бір күнде-ақ трендке айналып, әлеуметтік желідегі "эстетика ма, әлде ұят па?" деген ескі дауды қайта қозғады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.