Айтыскер ақындар Жүрсін Ерманға темір тұлпар сыйлады

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда ақынның 75 жылдық мерейтойы өтті. 

Айтыскер ақындар Жүрсін Ерманға темір тұлпар сыйлады
NUR.KZ

Қазақстанның халық жазушысы, айтыс өнерінің ұйымдастырушысы әрі ақын Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойында ерекше сый жасалды. Айтыскер ақындар мерейтой иесіне Toyota Camry 80 автокөлігін табыстады. Бұл туралы айтыскер ақын Аспанбек Шұғатай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Скриншот

75 жылдық мерейтой Алматыда өтті

Жүрсін Ерманның 75 жасқа толуына орай Алматы қаласында салтанатты шара ұйымдастырылды. Мерейтой аясында ақынға “Қазақстанның халық жазушысы” құрметті атағы берілді.

Республика сарайында өткен “Ұлытаудан Алатауға” атты мерекелік концерт барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты оқылды. Марапатты Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды табыстады.

Ресми концерттен кейін ақынның отбасы мен шәкірттері үлкен той ұйымдастырып, мерейтойлық шараны жалғастырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір