Әнші, актриса және "КешYOU" тобының экс-солисі Кәмшат Жолдыбаева Instagram-да оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, сахнаға қайта шығу жоспарына қатысты ойын білдірді.
Қазір декреттік демалыста жүрген өнер иесінен жанкүйерлері: “Сахнаға қашан қайта ораласыз?” — деп сұраған. Кәмшат бұл тақырыпқа ашық пікір білдірді.
“Жаңа әндер туралы ойлап жүрмін. Бірақ өмір жолым мені сахнаға асықтырып тұрған жоқ сияқты. Не істеймін? Тек қабылдаймын. Тек қуанамын. Бұл өмірде сахнадан бөлек те қызық көп”, — деп жазды Кәмшат.
Жолдыбаева жеке өміріне қатысты сұрақты да назардан тыс қалдырмады. Оқырмандарының бірі Камшат пен жұбайы, актер Хазірет Ержановты бір сериалдан бірге көргісі келетінін айтып, олардың қарым-қатынасы қалай басталғанын сұраған.
Әнші бұл сауалға қысқа да нұсқа жауап берді:
“Сериалдан бәрі басталды”, — деді Кәмшат.
Айта кетейік, Кәмшат Жолдыбаева мен Хазірет Ержанов бұған дейін “Рауза” сериалында бірге рөл сомдаған. Хазірет Ержанов та бұрын сұхбаттарының бірінде олардың қарым-қатынасы дәл сол жоба түсірілімі кезінде басталғанын айтқан еді.