Қарақат Әбілдина жүрек тебірентер жазба жариялады

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда өнер иесі жұбайы Қыдырәлі Болманмен бірге Рамазан айында әкесіне құран бағыштады. 

Қарақат Әбілдина жүрек тебірентер жазба жариялады
Stan.kz

Елге танымал әнші Қарақат Әбілдина жиырма жыл бұрын қайтыс болған әкесінің рухына арнап ас берді. Көзі тірі болса, кеше тоқсанға толар еді. 

Осы ретте өнер иесі жұбайы Қыдырәлі Болманмен бірге Рамазан айында әкесіне құран бағыштап,  ағайын-туыстың батасын алу үшін ауызашар беріп, дастарқан жаюды жөн көрген. 

"Бүгін әкеміз қайтқан күн. Сағынышпен еске алып, рухына құран бағыштап, ауызашар берудеміз. Алла Тағала алдынан жарылқап, жәннаттан орын берсін" – деп жазды Қарақат.

Қарақат Әбілдина бұған дейін 15 ақпан күні туған жерінде де ас берген.

"Әке… Осы бір ауыз сөздің өзінде тұтас бір ғұмыр сыйып кетеді. "Әке – асқар тау" дейді халық. Жанында жүргенде биігін сезе қоймайсың. Асқар таудың биіктігі алыстаған сайын асқақтай түседі екен. Қазір ортамызда болмаса да, әкеміздің қалдырған өшпес ізі, ісімен көрсеткен тәрбиесі біздің жадымызда мәңгі сақталады", – деп жазды Қарақат Әбілдина.

Айта кетейік, Қарақат Әбілдинаның әкесі Түлкібай Аманжолұлы 1936 жылы дүниеге келген. Туыстарының айтуынша, ол өмірінде ауыр дертке шалдықпаған, аурухана табалдырығын аттамаған жан болған.

"Жетпіс жыл біреуге көп, біреуге аз шығар. Ауру адамды таңдамайды. Бір күн ауырмаған, бір күн ауруханаға жатпаған, бір укол салдырмаған қайран ағам жұқпалы дерттен о дүниелік болды" - деп еске алды Түлкібай ақсақалдың інісі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір