Әкесіне жылап тұрып жанкүйер болған баланың видеосы жұртты елжіретті (ВИДЕО)
Бейнежазбаның астына баланың әкесіне қарсылас болған азамат та пікір қалдырған.
runasport.com
Әлеуметтік желіде әкесіне жылап тұрып, жанкүйер болған баланың видеосы тарады. Бокстан жекпе-жек өткізіп жатқан әкесіне көрсеткен қолдауы көптің жүрегін елжіретті.
"Сенің әкең нағыз батыр!", "Әкең сияқты батыр чемпион бол! Еліміздің атын шығаратын нағыз азамат бол!", - деп жазды желі қолданушылары.
Бір қызығы, аталған бейнежазбаның астына баланың әкесімен жұдырықтастан боксшы да пікір қалдырған.
"Кешір, балақай. Егер мен ұрмасам, ол мені ұратын еді. Бірақ сенің әкең нағыз батыр", - деп жазды Айбек Ілиясов.
Айта кетейік, кездесу 18 қаңтар күні өткен. Төрешілер шешімімен Айбек Ілиясов жеңіске жетіпті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet