UFC жұлдызы октагонды қойып, пилонға көшті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда Пейдж Ванзант енді немен әуестеніп жүргенін көрсетті. 

UFC жұлдызы октагонды қойып, пилонға көшті (ВИДЕО)
sport24.ru

UFC-дің бұрынғы жұлдызы Пейдж Ванзант әлеуметтік желідегі оқырмандарына қазір немен айналысып жүргенін көрсетті. Жылдар бойы октагонда арпалысып келген аралас жекпе-жек шебері енді пилондағы би үйренуге кіріскен. 

Желіге жарияланған бейнежазбада спортшы келіншек сырыққа секіріп, осы күнге дейін не үйренгенін көрсетеді. Өз кезегінде қолданушылар Ванзанттың биіне бағасын беріп, талантында шек жоқ екенін жарыса жазып жатыр. 

Айта кетейік, Пейдж Ванзант UFC-дегі мансабын 2020 жылы аяқтады. Сол уақытқа дейін 13 рет жекпе-жекке шығып, 8-інде жеңіске жеткен. Бес мәрте қарсыласына есе жіберді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір