Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Плей-оффқа соңғы жолдама және Португалияның Уэльске жорығы – Ұлттар лигасының интригалары

Даниялық динамит норвегиялық машинаға қарсы – Ұлттар лигасында кім аман қалады?

Плей-оффқа соңғы жолдама және Португалияның Уэльске жорығы – Ұлттар лигасының интригалары
olimpbet.kz

УЕФА Ұлттар лигасы. А лигасы. Алтыншы тур. 4-топ. Дания – Норвегия. 18 қараша, 00:45 (Астана уақыты)

Ұлттар лигасы-2026/27 турнирінің топтық кезеңі жоғары дивизиондағы төртінші топтың екі матчымен аяқталады. Солардың бірінің нәтижесі бойынша турнирдің ширек финалына шығатын соңғы қатысушы анықталады.

Плей-оффқа берілетін сегізінші және соңғы жолдаманы Дания мен Норвегия құрамалары өзара сарапқа салады. Olimpbet сарапшылары бұл скандинавиялық текетіресте айқын фаворит көріп отырған жоқ, тек алаң иелеріне өте аз басымдық береді.

Турнирлік жағдай

Португалияны сырт алаңда 4:1 есебімен ойсырата жеңген "қызыл гвардия" топтан шығу мүмкіндігін айтарлықтай арттырды.

Қазір Дания төрттікте екінші орында тұр және Норвегиядан үш ұпайға алда. Демек, Ұлттар лигасы жүлдесі үшін күресті жалғастыруға оларға тең нәтиженің өзі жеткілікті.

Одан бөлек, "даниялық динамиттің" 4-топты бірінші орынмен аяқтауға да аздаған мүмкіндігі бар. Ол үшін алаң иелері солтүстік дербиде жеңіске жетіп, сонымен қатар "еуропалық бразилиялықтардың" Уэльсте жеңілгенін күтуі керек.

Ал Брайан Ример командасы жеңіліп қалса, мүлде ештеңесіз қалуы мүмкін. Себебі ұпай саны "ескекшілермен" теңескен жағдайда, өзара кездесулер нәтижесі бойынша Норвегиядан төмен тұрады.

Статистика

Дания Норвегияға қарағанда көп гол соққан – 11 және 9, әрі аз гол жіберген – 8 және 9.

"Қызыл гвардия" қақпаға да жиірек соққы жасайды – бір матчта орта есеппен 15 және 13,6. Алайда басқа негізгі көрсеткіштер бойынша Норвегия алда. Қақпаға дәл соққы саны – 5,2 және 4,5, бұрыштама – 5,2 және 4,4, допқа иелік ету – 52,6% және 50%.

Өзара кездесулер тарихы

Өзара матчтарда Данияның айтарлықтай басымдығы бар. Қарсыластар бір-бірімен 57 ресми матч өткізген. Соның 32-сінде "қызыл гвардия" жеңіске жеткен. "Ескекшілердің" еншісінде 15 жеңіс бар, тағы он кездесу тең аяқталған.

Алайда Ұлттар лигасы-2026/27 аясында өткен соңғы матч Норвегияның пайдасына шешілді. 24 қыркүйекте норвегиялықтар өз алаңында 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары Копенгагендегі матч нәтижелі өтеді және екі команда да гол соғады деп есептейді.

Ал бұрыштама саны тоғыздан аспайды деген болжам бар. Бұл көрсеткіш бойынша да тараптардың ешқайсысына басымдық берілмейді.

Уэльс – Португалия. 18 қараша, 00:45

Копенгагендегі "Паркен" аренасындағы матчпен қатар, Кардиффте А дивизионының төртінші тобындағы тағы екі команда – Уэльс пен Португалия кездеседі.

Olimpbet сарапшылары "еуропалық бразилиялықтарды" бұл матчтың сөзсіз фавориті деп санайды. Олардың пікірінше, қонақтардың екі доп айырмасымен жеңіске жету ықтималдығы алаң иелерінің кем дегенде тең нәтиже көрсету мүмкіндігінен жоғары.

Турнирлік жағдай

Португалия топтан шығуды мерзімінен бұрын қамтамасыз етіп қойды, бірақ бірінші орынды әлі толық кепілдеген жоқ. Жоржи Жезуш командасына бұл міндетті шешу үшін Уэльске жеңілмеу жеткілікті. Сонда Копенгагендегі матч нәтижесіне қараудың қажеті болмайды.

"Айдаһарлар" төртінші топты соңғы орынмен аяқтайтыны әлдеқашан белгілі – тіпті Португалияны жеңсе де жағдай өзгермейді. Алайда британдықтарға мотивациясыз ойнау тән емес. Сондықтан турнирлік тұрғыдан ештеңе шешпейтін матчта да олар бар күшін салатынына күмән жоқ.

Статистика

Португалия Уэльске қарағанда әлдеқайда көп гол соққан – 10 және 3. Ал жіберген доп саны бойынша толық теңдік – 8-ден. 

Басқа маңызды көрсеткіштердің бәрінде дерлік Ұлттар лигасының қазіргі чемпиондары басым. Олар қақпаға жиірек соққы жасайды – бір матчта орта есеппен 17 және 9. Қақпаға дәл соққы – 6,8 және 3,2. Бұрыштама – 6,2 және 2,8. Допқа иелік ету көрсеткішінде де "еуропалық бразилиялықтар" айқын алда – 52,2% және 45,2%.

Тәртіп

Екі құрама да жеткілікті агрессивті футбол ойнайды. Сондықтан әрқайсысында 12 сары қағаздан жиналғаны таңғаларлық емес. Бұл бір матчта орта есеппен 2,4 ескертуден. Сонымен қатар Португалия құрамасының бір ойыншысы – Франсишку Консейсау алаңнан қуылған.

Ал Уэльс құрамасында әзірге ешкім қызыл қағаз алған жоқ.

Өзара кездесулер тарихы

Қарсыластар осы уақытқа дейін бар болғаны бес рет кездескен. Соның тек екі матчы ресми сипатта болды.

Екеуінде де Португалия гол жібермей жеңіске жетті: Еуро-2016 жартылай финалында 2:0 және Ұлттар лигасының қазіргі маусымында 1:0.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары қонақтар алаң иелерінің қақпасына кем дегенде екі гол соғады деп есептейді. Олардың болжамынша, Португалия әр таймда гол соғуы мүмкін. Сары қағаз да аз болмайды – кемінде төрт.

Бұл көрсеткіш бойынша айтарлықтай басымдық "айдаһарларға" беріледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?