Бұл туралы ресми түрде 8 желтоқсанда жарияланады деген қауесет бар.
CS2-ден 2026 жылдың қысқы мейджоры Сингапурде өтеді. Ал оның ұйымдастырушысы PGL болады. Ақпарат әлі ресми жарияланбаса да, бұл дерек сайттың бастапқы кодынан анықталған. Жарыстың өткізілетіні туралы ресми мәлімет желтоқсанның 8-інде жарияланады деген қауесет бар.
Ал чемпионаттың өзіне келер болсақ, сайттың бастапқы кодындағы мәліметтерге сәйкес, PGL Singapore Major 2026 30 қарашада басталып, 13 желтоқсанға дейін жалғасады.
Турнирдің жүлде қоры дәстүрлі түрде $1,25 млн болады.
Плей-офф кезеңі 12 мың орындық Singapore Indoor Stadium аренасында өтеді.
Бұл – CS2 бойынша келесі жылға жоспарланған екінші мейджор. Бірінші мейджор жазда өтеді:
Осылайша, 2026 жыл CS2 киберспорт қауымдастығы үшін өте маңызды маусым болғалы тұр.