
Кофе – әлемдегі ең кең таралған сергіткіш сусындардың бірі. Бірақ жақында жарияланған ғылыми зерттеу кей адамдар үшін кофе ішу зиянды болуы мүмкін екенін көрсетті.
2024 жылы АҚШ пен Ұлыбритания ғалымдары жүргізген кең көлемді зерттеу нәтижесінде кофені тұтыну деңгейі адамның генетикалық ерекшеліктеріне тікелей байланысты екені дәлелденді.
Зерттеу аясында:
Қатысушылардан: “Сіз күніне неше шыны кофе ішесіз?” деген сұраққа жауап алынған. Сонымен қатар кофеинсіз кофе ішетіндер де есепке алынған.
Зерттеу нәтижелері бойынша, CYP1A1 және CYP1A2 гендері кофеиннің ағзада қаншалықты жылдам ыдырайтынына әсер етеді. Сонымен қатар ADORA2A гені кофенің жүйке жүйесіне әсерін анықтайды.
Кофеин қан құрамында ұзақ сақталады
Ұйқысыздық, мазасыздық, жүрек қағысының жиілеуі байқалуы мүмкін
Мұндай жағдайда кофе мен басқа да кофеин бар өнімдерді (шай, шоколад, энергетик, кей дәрілер) азайтқан жөн.
Зерттеу тағы бір маңызды фактіні анықтады:
Кофені көп тұтынатын адамдарда темекі шегу, алкоголь және каннабис қолдану сияқты басқа да психобелсенді заттарға бейімділік жиі кездеседі. Бұл тәуелділіктердің генетикалық негізі ұқсас болуы мүмкін.
Ғалымдар кофені жиі ішетін адамдардың арасында семіздікке бейімділік, дене массасының индексі (BMI) жоғары болуы мүмкін екенін атап өтті.
Бірақ бұл – кофеиннің әсері ме, әлде артық кофе ішетін адамдардың өмір салтына байланысты ма нақты дәлелденбеген.
АҚШ-тағы қатысушыларда кофеге бейімділік мазасыздықпен, ал Ұлыбританияда – керісінше, тыныштық пен тұрақтылықпен байланысты болды.
Егер сізде:
Жүйке қозғыштығы жоғары
Кофеден кейін ұйқы бұзылады
Кеуде тұсында жайсыздық сезіледі
– болса, сізге CYP1A2 немесе ADORA2A гендерінің кофеге жоғары сезімтал түрі тән болуы мүмкін.
Мұндай жағдайда кофені, сондай-ақ шай, шоколад, энергетикалық сусындар мен кей дәрілерді тұтынуды шектеу маңызды.
Генетикалық ерекшеліктеріңізді нақты білу үшін генетикалық тест тапсыру – дұрыс шешім. Бұл тек кофені ғана емес, жалпы денсаулыққа әсер ететін басқа да өнімдер мен әдеттерді дұрыс басқаруға көмектеседі.