Қазақстан Ұлттар лигасында Армениядан кек қайтарды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

"Астана Аренада" өткен Ұлттар лигасының төртінші туры отандық жанкүйерлер үшін нағыз футбол мерекесіне айналды. Қазақстан әйелдер құрамасы Армениямен болған тартысты ойында 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан Ұлттар лигасында Армениядан кек қайтарды (ВИДЕО)
Instagram/@kff_women

Әмина Бибосынова кездесудің басты қаһарманына айналды. Ол 48 және 55-минуттарда қарсылас қақпаны дәл көздеп, дубль авторы атанды. Оған қоса, 71-минутта Әйгерім Айтымова маңызды гол соғып, есепті 3:1-ге жеткізді. Армения сапынан Нарине Давтян 63 және 66-минуттарда екі голмен жауап қайырды. Бірақ бұл нәтижені теңестіруге жеткіліксіз болды.

Бұл — Қазақстан құрамасының биылғы Ұлттар лигасындағы екінші жеңісі. Бұған дейін қыздарымыз Лихтенштейнді 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Сонымен қатар Люксембургпен 2:2 есебімен тең түсті және алғашқы ойында Армениядан 0:2 есебімен жеңілген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір