ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Қазақстан құрамасының қақпашысы 98 секундта екі гол жіберіп алды (ВИДЕО)

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Станислав Покатилов ойнайтын "Сабах" клубы Әзербайжан чемпионатының 30-турында "Тұраннан" жеңілді. 

"Тұран" 2:1 есебімен жеңіске жетті. "Сабах" кездесуді жақсы бастап, 14-минутта Анатолий Нуриевтің голының арқасында алға шықты. Бірақ екінші таймда бар болғаны 98 секунд ішінде қақпаға екі доп жіберіп алды.

56-минутта Айхан Гусейнов таразы басын теңестірсе, 57-минутта Жо шешуші голды соқты. Осылайша екі минутқа жетпейтін уақытта Покатиловтың қақпасына екі доп енгізілді.

Айта кету керек, "Сабах" алғашқы таймға қосылған уақытта, нақтырақ айтқанда 45+2 минутта Павол Шафранконың қызыл қағаз алуына байланысты бір ойыншы кем ойнауға мәжбүр болды. Бұл да нәтижеге әсер етпей қоймады.

Турнирлік кестедегі жағдай: 

  • "Тұран" — 30 матчтан кейін 47 ұпаймен 4-орында
  • "Сабах" — 36 ұпаймен 5-сатыда орналасқан
Бұл туралы не ойлайсыз?