ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Қазақстан УЕФА даму турнирінде жеңіске жетті (ВИДЕО)

16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы турнирдегі алғашқы матчында Беларусьті 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстан УЕФА даму турнирінде жеңіске жетті (ВИДЕО)
io.sb.by

Ойын барысында Қазақстан сапынан Әділбек Тұрдах екі рет көзге түссе, шешуші үшінші голды Абылай Жылқайдар соқты. Қарсылас тарап та лайықты қарсылық көрсеткенімен, қазақ жастары жинақы әрі сенімді ойынмен жеңісті қолдан шығармады.

УЕФА даму турниріне Беларусь, Ресей, Қазақстан және Қытайдың 16 жасқа дейінгі құрамалары қатысып жатыр. Жарыс 13-18 сәуір аралығында өтеді. Бұл турнир — жас футболшылар үшін халықаралық деңгейде тәжірибе жинауға тамаша мүмкіндік.

Беларусь U16 — Қазақстан U16 2:3 (1:2)

Голдар: Тұрдах 3 пенальтиден (0:1), Тұрдах 23 (0:2), Ясточкин 30 (1:2), Жылқайдар 63 пенальтиден (1:3), Нестеренко 84 (2:3). 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.