Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Реалда" жанжал: Беллингем мен Рюдигер жаға жыртысты

Редактор Penalty.kz
14.04.2025, 19:12

Ойыншылар арасындағы кикілжіңге нақты не себеп болғаны белгісіз. 

dynamo.kiev.ua
dynamo.kiev.ua

Мадридтік "Реалдың" жаттығу жиынында оқыс оқиға болды. Испан журналисі Эду Агирренің мәліметінше, команда сапындағы Джуд Беллингем мен Антонио Рюдигер жұма күні өткен жаттығу барысында бір-біріне қол көтеруге дейін барған.

Командаластар арашаға түсті

Қақтығыс спорттық сәтсіздікке немесе эмоцияға байланысты туындағаны нақты айтылмаған. Дегенмен, Агирренің хабарлауынша, жағдай ушығып кетпей тұрып, оқиға орнына басқа ойыншылар жетіп, екі футболшыны ажыратып алған.

Еске салайық, мадридтік клуб ертең Лондонның "Арсеналына" қарсы шешуші матч өткізеді. Беллингем мен Рюдигер сынды негізгі ойыншылар арасындағы түсініспеушілік команданың дайындығына кері әсерін тигізбесе игі.

Чемпиондар лигасының ширек финалы аясындағы алғашқы ойында лондондық команда корольдік клубты 3:0 есебімен тізе бүктірген еді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір