Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бахтиёр Зайнутдинов карьерасын аяқтайды ма?

Редактор Penalty.kz
16.04.2025, 16:57

Қазақстан футболының басты жұлдыздарының бірі Бахтиёр Зайнутдиновтің мансабына қатысты соңғы күндері тараған ақпараттар жанкүйерлер арасында алаңдаушылық тудырды.

kazfootball.kz
kazfootball.kz

Алайда жағдай шын мәнінде бұлай күрделі емес. Бұл туралы ұлттық құраманың SMM маманы әрі спорт журналисі Сейіл Қожатай хабарлады.

Сейіл Қожатайдың айтуынша, ол жуырда Бахтиёрмен Ыстамбұлда кездесіп, футболшының қазіргі жағдайын өз көзімен көрген. Журналистің сөзінше, Бахтиёр соңғы кездері тараған “мансабын аяқтайды” деген қауесеттерге аң-таң болған. .

“Кейбір жанкүйерлер тіпті онымен қоштаса бастапты. Бірақ Бахтиёр әзірге футболдан кетуге ниетті емес”, – деді Қожатай.

Шын мәнінде, Зайнутдинов доппен жаттығуға кірісіп кеткен. Егер бәрі жоспар бойынша жүрсе, футболшы екі апта ішінде толыққанды жаттығу процесіне қайта қосылады.

Сейіл Қожатай мен Бахтиёр Зайнутдинов

Бахтиёрдың айтуынша, жарақаты алғаш үш ай бұрын байқала бастаған, жақында сол жарақат қайта сыр берген.

“Паникаға негіз жоқ. Бахтияр маусым айында алаңға оралып, жанкүйерлерін голдармен және жеңістермен қуантуға ниетті”, – деп атап өтті Қожатай.

Бұған дейін түрік басылымдары Бахтиёрдың жағдайын тым әсірелеп көрсетіп, мансаптың аяқталуы мүмкін деген ақпарат таратып жіберген болатын. Осы ақпараттар қазақстандық жанкүйерлер арасында да үлкен резонанс туғызды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір