Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Өзбекстан футболшылары Азия кубогының финалында керемет ерлік жасады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия Кубогының шешуші матчында Өзбекстан мен Сауд Арабиясы кездесті.

Өзбекстан футболшылары Азия кубогының финалында керемет ерлік жасады (ВИДЕО)
zamin.uz

Матчтың алғашқы бөлігінде Өзбекстан құрамасы ауыр соққы алды. 40-минутта Нұрбек Сәрсенбаев алаңнан қуылып, команда бір ойыншыға кем қалды. Ал бірінші таймның қосымша уақытында (45+2 минутта) Миразиз Абдукаримов та қызыл қағаз алып, өзбек командасы тоғыз ойыншымен қарсы тұрды. 

Сандағы теңсіздікке қарамастан Өзбекстан екінші таймда мінез танытып, алаң иелерінің қақпасына екі рет дәл соққы жасады. 51-минутта есепті Мұхаммад Хакимов ашса, 70-минутта жеңісті Садриддин Хасанов түйіндеді.

Осылайша, Өзбекстан құрамасы екі ойыншысы аз болғанына қарамастан 2:0 есебімен Сауд Арабиясын тізе бүктіріп, Азия Кубогын иемденді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 8
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір