Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Қазақстанда футболшы болу қиын": Ұлттық құрама ойыншысы әділетсіздікке шағымданды

Редактор Penalty.kz
07.05.2025, 16:06

"Ордабасы" клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Сергей Малый Instagram парақшасында жасына байланысты кемсітуді сынға алды. Ол Франческо Ачерби мысалға келтіріп, футболшыны тәжірибесі мен шеберлігі арқылы бағалау керектігін жеткізді.

Сергей Малый Қазақстан құрамасы сапында. Фото футболшының Instagram парақшасынан алынды
Сергей Малый Қазақстан құрамасы сапында. Фото футболшының Instagram парақшасынан алынды

34 жастағы қорғаушы Қазақстанда футболшылардың жасы бірінші орынға қойылатынына наразылық танытты. Өзінің сторисінде ол "Интердің" 37 жастағы ойыншысы Франческо Ачербиді мысал етіп келтірді — тәжірибелі футболшы Чемпиондар лигасының жартылай финалында негізгі құрамда алаңға шығып, шешуші рөл атқарды.

"Ачерби секілді жасы келген футболшылар Еуропада негізгі құрамда ойнайды. Ал бізде ше?" — деп жазады Малый

Скриншот сторис Instagram Сергей Малый

Айта кетейік, Ачербидің екінші таймның қосымша минуттарында соққан голы миландық "Интерге" матчты овертаймға жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл эпизод жартылай финалдағы нәтижеге тікелей әсер етіп, оның кәсібилігін тағы бір дәлелдеді.

Сергей Малый туралы қысқаша:

  • Қорғаушы, 34 жаста
  • Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі
  • Қазіргі клубы — "Ордабасы" (Шымкент)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір