Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

ӘЧ-2034: Сауд Арабиясы алкогольге қатысты шешім шығарды

Редактор Penalty.kz
26.05.2025, 21:05

Елде 1952 жылдан бері тыйым салынған ішімдіктер енді арнайы туристік аймақтарда сатылмақ.

kazpravda.kz
kazpravda.kz

Сауд Арабиясы билігі 2034 жылы өтетін футболдан әлем чемпионаты кезінде алкоголь өнімдерін сатуға ішінара рұқсат бермек. Бұл туралы The Sun хабарлады.

Тыйым алғаш рет алынбақ

1952 жылдан бері Сауд Арабиясында алкогольге қатаң тыйым салынған. Алайда әлем чемпионатына дайындық аясында бұл ереже жеңілдетілмек. Жаңа шешімге сәйкес:

  • Алкоголь тек арнайы туристік аймақтарда сатылатын болады
  • Құрамында 20%-дан аспайтын ішімдіктерге ғана рұқсат
  • Ел бойынша 600-ге жуық арнайы аймақ ашу жоспарланған

Бұған дейін не айтылған еді?

Бұған дейін Сауд Арабиясының Ұлыбританиядағы елшісі Халид ибн Бандар Әл Сауд мәлімдеме жасап:

«Бізде алкогольге рұқсат жоқ және бұл – біздің мәдениетіміздің бір бөлігі. Көңіл көтеру үшін міндетті түрде ішімдік керек емес. Ішкілеріңіз келсе, чемпионаттан кейін іше аласыздар», – деген болатын.

Оның бұл сөзі Батыс елдерінде сынға ұшырағанымен, ел өз дәстүрінен бас тартпайтынын қадап айтқан.

Қатардағы тәжірибе әсер етті

2022 жылы Қатардағы әлем чемпионатында да стадион аумағында алкоголь сатуға тыйым салынған. Алайда:

  • Туристерге фан-аймақтарда,
  • Қонақүйлер мен лицензияланған орындарда
  • Белгіленген шектеулермен ішімдік ішуге рұқсат берілген болатын.

Сауд Арабиясы да осыған ұқсас үлгіні ұстанбақ.

Чемпионатты өткізу құқығы Сауд Арабиясында

2034 жылғы Әлем чемпионатын өткізу құқығына тек Сауд Арабиясы ғана үміткер болып қалды. Австралия соңғы сәтте өтінім беруден бас тартқан.

Турнирдің өзі жергілікті климаттық ерекшеліктерге байланысты қыс мезгілінде өтуі мүмкін. Бұл Қатардағы 2022 жылғы үлгіге ұқсайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір