Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Криштиану Роналду клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысады

Редактор Penalty.kz
29.05.2025, 17:44

Португалия құрамасы мен "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду жаңа форматтағы клубтық әлем чемпионатына қатысуға жақын.

championat.com
championat.com

Роналдуға бірнеше ұсыныс түскен

Marca мәліметінше, Роналдуға турнирге қатысатын бірнеше клубтан ресми ұсыныс түскен. Бұған дейін 40 жастағы футболшының "Әл-Наср" клубынан кететіні жөнінде ақпарат тараған. Дегенмен қазіргі жағдай оның әлемдік деңгейдегі жарыста ойнау мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Турнирде алты конфедерациядан 32 команда бақ сынайды. Олар сегіз топқа бөлініп, әр топтан екі үздік ұжым плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Финал – MetLife аренасында, 1 миллиард доллар – жүлде қорында

Финалдық кездесу 2025 жылдың 13 шілдесінде АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы "МетЛайф" стадионында өтеді. Жүлде қоры 1 миллиард АҚШ долларынан асады, бұл клубтық турнирлер тарихындағы ең ірі сомалардың бірі болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір