Германияның Штутгарт қаласында Ұлттар лигасының екінші жартылай финалы өтті. Испания мен Франция құрамалары арасындағы тартысты ойында нағыз футбол спектаклі тіркелді.
Испания құрамасы 5:4 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің финалына жолдама алды.
Испания сапынан көзге түскендер:
Франция тарапынан жауап бергендер:
Сонымен қатар, 84-минутта испан қорғаушысы Дани Вивиан автоголмен француздарға "көмектесті".
Осылайша Испания құрамасы Ұлттар лигасының финалына шықты. Олар жартылай финалда Германияны 2:1 есебімен жеңген Португалиямен кездеседі.
Айта кетейік, Испания – былтырғы турнирдің жеңімпазы. Алдыңғы финалда олар Хорватияны пенальти сериясында (0:0, пенальти — 5:4) ұтқан болатын.