Асхат Тағыберген ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан футбол құрамасының капитаны Асхат Тағыберген ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын ресми түрде мәлімдеді.

Асхат Тағыберген ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады (ВИДЕО)
kaz

Ұлттық құраманың капитаны қоштасу сөзін айтты

"Бұл менің ұлттық құрамадағы соңғы ойыным. Өзім үшін осындай шешім қабылдадым. Барлық жанкүйерлерге алғысым шексіз. Мен 2014 жылы құрамада дебют жасадым. Осы 11 жыл бойы мені қолдағандарыңыз үшін рахмет. Ұлттық құраманың бір бөлшегі, капитаны болғаныма қуаныштымын. Хейтерлер "жастарға жол беру керек" деп жатады — мүмкін, олар бүгін риза шығар. Рас, жас ойыншыларға жол беру керек. Мен жастарға сенемін. Олар Қазақстанды Еуропа чемпионаты мен әлем біріншілігіне алып шығады деп үміттенемін. Алға, Қазақстан!"— деді Асхат Тағыберген.

Тағыбергеннің ұлттық құрамадағы статистикасы

Асхат Тағыберген Қазақстан құрамасы сапында 63 матч өткізді. Осы кездесулерде ол үш гол соғып, жеті нәтижелі пас берген. Оның тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеті команданың рухын көтеріп отырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір