Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

FIFA тыпырши бастады: Әлем чемпионатының билеттері сатылмай жатыр

Редактор Penalty.kz
13.06.2025, 19:00

«Интер Майами» – «Әл-Ахли» кездесуіне сұраныс аз болғандықтан, билет бағасы 349 доллардан 110-ға дейін арзандады.

arena.olimpbet.kz
arena.olimpbet.kz

"Интер Майами" мен "Әл-Ахли" арасындағы ашылу матчы қарсаңында FIFA билеттер бағасын күрт төмендетті. Себебі стадион жартылай бос қалады деген қауіп бар. Бұл туралы Соққы және гол телеграм-арнасы хабарлады.

Ашылу ойынына қызығушылық төмен

FIFA биылғы Клубтар арасындағы Әлем чемпионатына деген сұраныстың төмен екенін мойындап отыр. Ашылу матчы ретінде жоспарланған "Интер Майами" – "Әл-Ахли" кездесуіне билет сатылымы күткен межеге жетпей, ұйым билет құнын төмендетуге мәжбүр болды.

Бастапқыда ең арзан билет 349 доллар болып белгіленген еді. Алайда жанкүйерлер тарапынан қызығушылық болмаған соң, баға 110 долларға дейін түсірілді. Бұл – үш есеге жуық арзандау деген сөз.

64 мыңдық стадионда небәрі 20 мың билет сатылған

Ашылу ойыны АҚШ-тағы "Hard Rock Stadium" аренасында өтеді. Бұл стадионның сыйымдылығы — 64 767 адам. Алайда қазіргі деректерге сәйкес, небәрі 20 мың билет сатылған. Бұл — трибуналардың жартысынан астамы бос болуы мүмкін деген сөз.

FIFA үшін имидждік соққы болуы мүмкін

FIFA тарихындағы ең ірі турнирлердің бірі ретінде аталып жүрген жаңа форматтағы Клубтық Әлем чемпионаты үшін мұндай төмен қызығушылық — күтпеген жағдай. Ұйым бұл турнирді коммерциялық және медиа жағынан тиімді өнім ретінде ұсынғысы келген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір