"Ордабасы" Украина құрамасының ойыншысымен күшеймек
27 жастағы футболшы жақын арада командаға қосылады деп күтілуде.
Шымкенттік "Ордабасы" клубы Украинаның ұлттық құрамасы жүйесінен өткен тәжірибелі футболшымен келісімге келуге жақын. Бұл туралы "Серый CARDINAL" телеграм-арнасы хабарлады.
Жаңа трансфер – Юрий Вакулко
Украиналық орталық жартылай қорғаушы Юрий Вакулко жақын арада "Ордабасы" сапына қосылуы мүмкін. Бұл ақпаратты футбол инсайдерлері, соның ішінде "Серый CARDINAL" телеграм-арнасы растады.
"Ол U-16, U-19 және U-21 жастар құрамаларында ойнаған. "Днепр", "Днепр-1", сербиялық "Партизан", Киевтің "Арсеналы", латвиялық "Рига" және соңғысы – "Кривбасс" клубтарында тәжірибе жинақтаған. Вакулко — орталық алаңда бірнеше позицияда ойнай алатын әмбебап жартылай қорғаушы. Ол — сол аяқпен ойнайтын ойыншы. Жақын күндері Шымкентке жол тартады", — делінген хабарламада.
Футболшы туралы мәлімет
- Жасы: 27-де
- Амплуасы: Опорный жартылай қорғаушы
- Артықшылығы: Ортаңғы алаңның 2–3 позициясында ойнай алады
- Тәжірибесі: Украина жастар құрамасы, еуропалық бірнеше клуб