Дженнифер Лопестің концерті "Астанаға" кедергі болды. Еурокубок матчы шегерілді

Сарапшы, спорт журналисі

Енді молдовалық "Зимбрумен" өтетін алғашқы ойын 24 шілдеде "Астана Аренада", ал қарымта кездесу 31 шілдеде Кишинёвте өтеді.

Дженнифер Лопестің концерті "Астанаға" кедергі болды. Еурокубок матчы шегерілді
Zakon.kz

"Астана" УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі матчтарының күнін америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концертіне байланысты өзгертті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде ресми мәлімдеме жасады.

"Астана" — "Зимбру" матчының күні ауыстырылды

Клубтың хабарлауынша, Қазақстан мен Молдова командалары УЕФА-ның келісімімен өзара келісімге келіп, ойындардың орнын ауыстыру туралы шешім қабылдаған.

“Осылайша, алғашқы матч 24 шілде күні "Астана Арена" стадионында, ал қарымта кездесу 31 шілдеде Кишинёвте өтеді”, — делінген “Астана” клубының хабарламасында.

Концерт пен футбол

Дженнифер Лопес 20 шілде күні "Астана Аренада" жеке концертін өткізеді. Бұл стадион бір мезгілде футбол матчтары мен ауқымды мәдени іс-шараларды қабылдайтын көпфункционалды нысан болғандықтан, алаңның дайындық кестесіне өзгеріс енгізуге тура келген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір