
Станислав Черчесовтың ұлы "Крылья Советов" ФК спорт директоры атанды.
Ресей футболындағы күтпеген тағайындау болды. Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері Станислав Черчесовтың 30 жастағы ұлы – кіші Станислав Черчесов алғаш рет кәсіби менеджерлік қызметке кірісті.
Кіші Станислав Черчесов өзінің ойыншы ретіндегі мансабын 2024 жылы аяқтаған. Қақпашы позициясында 30 ресми матчқа қатысты.
Журналист Иван Карповтың айтуынша:
"Черчесовтың ұлы бұған дейін ешқашан футбол менеджері ретінде жұмыс істемеген".
Яғни, бұл тағайындау – футбол саласында жаңа бағытты бастау болып отыр.
Атақты әкесі Станислав Черчесов Еуро-2020 турнирінен кейін Ресей құрамасының бас бапкері қызметінен кеткеннен кейін венгриялық "Ференцварошта" жұмыс істеп, бірнеше табысты маусым өткізді.
Әлеуметтік желі қолданушылары мен сарапшылар арасында бұл тағайындауға қатысты түрлі пікірлер туындауда. Көпшілігі кіші Черчесовтің тәжірибесіздігін сынға алып, бұл қадамды отбасылық ықпалмен байланыстырды. Бірақ кейбіреулер мұны жаңа буынның менеджментке келуі деп бағалап отыр.
"Крылья Советов" соңғы жылдары жас ойыншыларға сенім артып, даму стратегиясын қайта құрып жатқанын мәлімдеген. Жаңа спорт директорының тағайындалуы да осы стратегиямен тығыз байланысты болуы мүмкін.