Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Еурокубок қарсаңында "Ордабасының" негізгі ойыншысы қатардан шығып қалды

Редактор Penalty.kz
24.06.2025, 20:12

Шымкенттің "Ордабасы" клубы Конференциялар лигасының іріктеу матчтары алдында негізгі ойыншылардың бірінен айырылып қалды. Команданың қорғаушысы, Молдова ұлттық құрамасының ойыншысы Виктор Мудрак ауыр жарақат алып, операция жасатуға мәжбүр болады. 

instagram/@fc__ordabasy
instagram/@fc__ordabasy

Жарақат "Оқжетпеспен" матчта тіркелді

13-турда өткен “Ордабасы” – “Оқжетпес” кездесуінде (1:0) Виктор Мудрак оң тізе тұсынан жарақат алған. Медициналық тексеріс нәтижесінде оң жақ ішкі менискінің жыртылғаны анықталған.

“Өкінішке қарай “Оқжетпеске” қарсы өткен матчта біздің қорғаушымыз оң тізесінен жарақат алды. Медициналық тексеріс нәтижесінде оның оң жақ бүйір менискі зақымданғаны анықталды. Алдағы күндері Викторға операция жасалып, қалпына келу үдерісі басталады”,делінген клуб хабарламасында.

Қорғаушының нақты алаңға қайта оралу уақыты әлі белгісіз, бірақ жазғы еурокубоктік кезеңді жіберіп алатыны анық.

Еурокубок алдындағы үлкен сынақ

“Ордабасы” биылғы Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңін 10 шілде күні сырт алаңда Грузияның “Торпедо” (Кутаиси) клубына қарсы өткізеді. Қарымта матч 17 шілдеде Шымкентте өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір