
Футболдан ұлттық құраманың экс-бапкері Бернд Шторк күтпеген жерден Бельгияның "Серкль Брюгге" клубынан жұмыстан шығарылды.
62 жастағы неміс маманы "Серкль Брюгге" клубының тізгінін 2025 жылдың 12 мамырында ұстаған. Ол Бельгияның жоғарғы лигасында қалу міндетін орындау үшін шақырылды. Өтпелі матчтарда "Патро Эйсден Масмехелен" командасын екі рет жеңіп (5:1 және 3:1), өзіне жүктелген тапсырманы сәтті орындады.
Алайда клуб басшылығы мен бапкер арасындағы ішкі келіспеушіліктер ұзақмерзімді ынтымақтастыққа кедергі болды. Соның нәтижесінде, екі тарап келісімшартты үзді.
"Бернд Шторк клубтың жоғарғы дивизионда қалуына көмектесті. Біңрақ стратегиялық көзқарастардағы айырмашылықтар шешуші болды", – делінген ресми мәлімдемеде.
Бернд Шторк 2008–2011 жылдары Қазақстанда жұмыс істеген. Ол:
Ол Қазақстанда жастарды тәрбиелеу және құрылымдық даму бойынша үлес қосқан шетелдік мамандардың бірі ретінде есте қалды.