Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі "Окленд" үшін гол соғып, клубқа $1 млн сыйақы алып берді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 11:10

Жаңа Зеландиялық "Окленд Сити" командасының тарихында ең үлкен оқиғалардың бірі болды. Олар клубтар арасындағы әлем чемпионатында ұпай еншіледі. Ал голдың авторы – қарапайым ұстаз.

Бірінші ұпай – бірінші жетістік

Клубтық әлем чемпионатында “Окленд Сити” командасы күтпеген жерден аргентиналық алып “Бока Хуниорспен” тең түсті – 1:1.

Матчтың басты кейіпкері 28 жастағы орталық қорғаушы Кристиан Грэй болды. Ол бұрыштамадан кейін баспен допты торға тоғытты. Бұл гол “Оклендке” ұпай ғана емес, FIFA тарапынан $1 млн көлемінде сыйақы да алып келді.

Шабуылға тойтарыс, тарихқа із

Грэйдің голынан кейін аргентиналықтар барын салды: 40 соққы жасап, 2,39 xG жинады. Бірақ өз күшімен гол соға алмады. Олардың жалғыз добы – автогол болатын. Ал “Окленд” соңына дейін қорғанып, тарихи ұпайға қол жеткізді.

Айта кету керек, бұл тең ойын жартылай әуесқой команданың алғашқы екі турда 0:16 есебімен ұтылғанынан кейін үлкен сенсация болды.

ФОТО: idman.biz

Қаһармандықтың артында – қарапайым мұғалім

Кристиан Грэй – мұғалім. Ол бірнеше мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Қазір стажер ретінде жұмыс істейді және матчқа қатысу үшін еңбек демалысына шыққан.

Грэй – “Окленд” академиясының түлегі. 2022 жылы командаға қайта оралды. Бұған дейін “Веллингтон”, “Биркенхед” пен “Уаитакере” клубтарында ойнаған. Ол – “Ливерпульдің” жанкүйері.

Қақпашы-антиқаһарман – суперқаһарманға айналды

Матч барысында қызық жағдай болды: Кристианның голынан кейін найзағай мен дауылдың салдарынан матч тоқтатылды. 55-минутта командалар 40 минут үзіліс жасауға мәжбүр болды. Алайда үзілістен кейінгі басты кейіпкер – қақпашы Нейтан Гарроу болды.

Бірінші таймда автогол авторы атанған Гарроу кейін сегіз сэйв жасап, командасын тең есеппен аман алып қалды. Ол да футболдан тыс уақытта студент.

 

Кристиан Грэй: “Біз ақша үшін ойнамаймыз – бұл нағыз арман”

Матчтың үздік ойыншысы атанған Грэй DAZN арнасына берген сұхбатында:

“Мен бақыттымын. Біз бұл нәтижеге лайықпыз. Біз үшін бұл – үлкен жетістік. Мен кішкентай қаладан шыққанмын, әрқайсымыз осы жолға үлкен еңбекпен жеттік. Ең бастысы – біз бақыттымыз”, – деді.

Сондай-ақ, мұғалімдік жұмысын жалғастыратынын айтып, әзілмен:

“Жақсы болды, енді мектеп каникулы басталады”, – деп күлді.

Финалдық нәтиже – тек тарихта емес, қаржылай да үлкен табыс

Тең есеп «Окленд» клубына FIFA тарапынан $1 млн сыйақы алып келді. Сонымен қатар турнирге қатысқаны үшін жалпы $4,6 млн табыс түсті – бұл клубтың келесі 7 жылдық бюджетіне тең.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір