Криштиану Роналду спорт тарихында ең тиімді келісімшартқа қол қойды
40 жастағы Криштиану Роналду "Әл-Наср" клубымен келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартты. Оның құны — 575 миллион еуро. Бұл — әлем спорты үшін рекордтық сома.
rg.ru
Жалақы мен бонус – есеңгіретер сандар
Британдық The Sun басылымының мәліметінше:
- Жылдық жалақы: £178 млн
- Бонус (1-жыл): £24,5 млн
- Бонус (2-жыл қалса): £38 млн-ға дейін өседі
- "Әл-Наср" клубының 15% акциясы: £33 млн
- "Алтын бутса" жеңсе: £4 млн
- Трофей жеңіп алса: £8 млн
- Саудиялық демеушілермен келісімдер: £60 млн-ға дейін
Егер барлық шарттар орындалса, Роналду екі жыл ішінде £500 млн-нан астам табыс табуы мүмкін.
Жеке қызметкерлер мен ерекше жағдайлар
Роналду келісімшарт аясында 16 жеке қызметкермен қамтамасыз етіледі:
- 3 жүргізуші
- 4 үй қызметшісі
- 2 аспаз
- 3 бағбан
- 4 күзетші
Бұл — клубтың жұлдыз ойыншыға деген құрметі мен оған жасалатын жеке жағдайдың дәлелі.
"Әл-Наср" үшін бұл не білдіреді?
Криштиану Роналдудың келісімшарты тек футбол емес, бренд құны, маркетинг, және туризм саласына да тікелей әсер етеді. Жанкүйерлер саны артты, трансляция бағасы өсті, ал "Әл-Наср" әлем назарындағы клубқа айналды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet