
Екі ойыншының әрекеті бүкіл елдің үмітін күл-талқан етуі мүмкін. ФИФА Боливия құрамасына қарсы допинг тергеуін бастады.
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу науқаны қызған шақта Боливия құрамасы үлкен жанжалдың ортасында қалды. ФИФА аталған елдің екі футболшысы — Рамиро Вака мен Борис Сеспедестің допинг қолданғанын анықтады. Соның кесірінен ұлттық құраманы жеті ұпайдан айырылуы мүмкін.
ФИФА мәліметінше, 2025 жылдың 25 наурызында Уругвайға қарсы өткен кездесуден кейін екі боливиялық футболшының антидопинг сынамалары оң нәтиже көрсеткен. Бұл – Боливия құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі жағдайын қиындата түсті.
Рамиро Вака мен Борис Сеспедес аталған күні матчта өнер көрсеткен. Қазіргі уақытта FIFA бұл екі жағдайдан бөлек тағы басқа ойыншылардың да тыйым салынған препарат қолданған-қолданбағанын тексеріп жатыр.
Борис Сеспедес өз мәлімдемесінде бұл жағдайға байланысты түсініктеме беріп, кінәні команданың медициналық штабына артты:
«Мен биіктікке бейімделу үшін тағайындалған ем-домға сеніп, дәрігерден таулы аймаққа тән белгілерге қарсы дәрі сұрадым. Маған тағайындалған ем сол еді», – деді Сеспедес.
ФИФА тарапынан 7 ұпайды алып тастау шешімі қабылданса, Боливия құрамасы әлем чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Қазір іріктеу кезеңінің соңына дейін екі ғана ойын қалған.
«Ла Верде» (Боливия құрамасының лақап атауы) бұл шешімге шағым түсіруге тырысуы мүмкін, бірақ тергеу аясында басқа ойыншылар да күдікке іліксе, жағдай ушыға түспек.