Владимир Вайсс "Қайраттың" киім ауыстыру бөлмесіне кіріп, команданы арнайы құттықтады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Алматының "Қайрат" ФК Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчынан кейін күтпеген құрметке ие болды. "Слован" командасының бас бапкері Владимир Вайсс ойыннан кейін бұрынғы клубының киім ауыстыратын бөлмесіне кіріп, әр ойыншымен жеке амандасып шықты. Плей-офф кезеңіне жолдама алуымен құттықтады.

Владимир Вайсс "Қайраттың" киім ауыстыру бөлмесіне кіріп, команданы арнайы құттықтады (ВИДЕО)
instagram/@f.c.kairat

Ойын тағдыры пенальти сериясында шешілді

Рафаэль Оразбахтин жаттықтыратын “Қайрат” қарымта ойында ерлік көрсетіп, пенальти сериясында жеңіске жетті. Бұл табыс алматылықтарға Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсету мүмкіндігін сыйлады.

Келесі қарсылас — «Селтик»

Плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның атақты “Селтигімен” жолығады. Бұл кездесу қазақстандық жанкүйерлер үшін тарихи сәтке айналуы мүмкін, себебі жеңіс Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жол ашады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір