
Әли Әлиев Мәскеудің "Динамо" клубы және Ресей құрамасының тізгінін ұстайтын Валерий Карпинмен арнайы кездесу өткізді. Басқосуда басты назарда Қазақстан футболының лидері саналатын Бақтиер Зайнутдинов болды.
Әли Әлиев Қазақстан құрамасы үшін Зайнутдиновтың маңызын ерекше атап өтті. Ол жартылай қорғаушының алдағы халықаралық матчтарға қатысу мүмкіндігін талқылап, футболшының командалық ойындағы рөлін тағы бір мәрте айқындады.
Кездесу барысында қос бапкер футболшының жаттығу процесі мен қалпына келу жағдайына тоқталды. Әлиев пен Карпин клуб пен ұлттық құраманың өзара тығыз байланыста жұмыс істеуінің қажеттігін баса айтты. Мұндай әріптестік футболшының жоғары деңгейде ойнауына оң әсер ететініне сенім білдірілді.