Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан ба, Өзбекстан ба? Орталық Азияның басты футбол державасы кім?

Сарапшы, спорт журналисі
01.09.2025, 12:46

Британдық Fourfourtwo.com басылымы Қазақстан мен Өзбекстан футболын салыстырды. 

Sportburo.kz
Sportburo.kz

Британиялық Fourfourtwo.com басылымының тілшілері Алматыға келіп, «Қайрат» – «Олимпия» (Любляна) арасындағы Чемпиондар лигасының іріктеу матчын тамашалады. Олар Қазақстан мен Өзбекстан футболының даму деңгейін салыстырып, аймақтағы жетекші державаны атады. 

Өзбекстан — көшбасшы

Материалда аталып өтікендей, Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі мемлекет және аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орынға ие. Алайда халық саны 20 миллион болса, бұл көрсеткіш Өзбекстаннан екі есе аз.

«Өзбекстан көршілері УЕФА-ға өтерге дейін де аймақтағы басты футбол державасы саналды. Ал биыл олар 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алды», – деп жазады басылым.

Бұл — Орталық Азия тарихында тұңғыш рет Әлем чемпионатына шыққан ұлттық құрама.

Қазақстандағы футбол атмосферасы

Дегенмен британдық журналистер Алматыға келген сәтте-ақ, футболға деген құштарлықты анық байқағандарын айтады.

«Орталық стадионға келгенде бізге бір нәрсе анық болды — аймақ бокстан немесе жекпе-жектің өзге түрлерінен көбірек танымал болғанымен, футболға деген жанкүйерлік еш кем емес», – делінген мақалада.

Осылайша, футболда көшбасшылық әзірге Өзбекстанға тиесілі болса, Қазақстанда да жанкүйерлер ықыласы мен клубтық деңгейдегі даму қарқыны айқын байқалып отыр. Сарапшылардың пікірінше, алдағы жылдары Орталық Азия футболында жаңа бәсеке күшейе түспек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір