Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

АПЛ рекорды. "Ливерпуль" Исакты сатып алды

Сарапшы, спорт журналисі
01.09.2025, 13:21

Бұл трансфер Премьер-лига тарихындағы ең қымбат келісім.

matchtv.ru
matchtv.ru

Англия Премьер-лигасында жаңа рекорд. «Ливерпуль» клубы «Ньюкасл» шабуылшысы Александер Исактың трансферіне 125 миллион фунт стерлинг төлеуге келісті. Бұл ағылшын футболындағы ең қымбат келісім болмақ.

Трансфер тарихы

Шамамен бір ай бұрын «Ливерпуль» Исак үшін 110 миллион фунт ұсынған еді. Бірақ «Ньюкасл» басшылығы бұл ұсынысты қабылдамай, өз бомбардирін сатудан үзілді-кесілді бас тартқан.

Алайда уақыт өте келе жағдай өзгерді. Александер Исак командадан кетуді қалап, клубпен жаттығудан да бас тартқан. Бұл қысымнан кейін «Ньюкасл» өз ұстанымынан айнуға мәжбүр болды.

Жақында клуб «Штутгарттан» Ник Вольтемадені 69 миллион фунтқа сатып алған соң, Исактың кетуі іс жүзінде шешілді. Осы сәтті пайдаланған «Ливерпуль» қайта ұсыныс жасап, екі тарап тез арада келісімге келді.

Рекордтық сома

Алғашында «Ньюкасл» Исактың трансферлік құнын 150 миллион фунт деп бағалаған. Дегенмен келіссөздер нәтижесінде баға 125 миллион фунтқа тоқтады. Бұл сома бұған дейінгі рекорд – 2023 жылы «Челсидің» Мойсес Кайседоға төлеген 115 миллион фунтын артта қалдырды.

Келісімнің толық шарттары

Sky Sports дерегінше, 25 жастағы швед шабуылшысы дүйсенбі күні медициналық тексеруден өтеді. Одан кейін Исак «Ливерпульмен» алты жылдық келісімшартқа қол қояды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір