
Маңызды ойын Ақтөбеде өтеді. 31-тамыз қазақстандық футболшылар оқу-жаттығу жиынын бастады.
Англия жастар құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстанға қарсы ойынға дайындығын аяқтап, матчқа шақырылған ойыншылардың ресми тізімін жариялады. Бұл туралы Англия Футбол қауымдастығының ресми сайты хабарлады.
Ойын 8 қыркүйек күні Ақтөбеде, жергілікті уақытпен 20:00-де басталады.
Қақпашылар:
Қорғаушылар:
Жартылай қорғаушылар:
Шабуылшылар:
Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Алматыда басталды. Бас бапкер 24 ойыншыны кеңейтілген тізімге қосты.
Қақпашылар: Нұралы Нұрғалиев («Шахтер»), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания), Әбілқайыр Алиқаббар («Алтай»).
Қорғаушылар: Сұлтан Аскаров, Рамазан Каримов (екеуі де – «Жетісу»), Әли Тұрғанов («Академия Оңтүстік»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»), Темірлан Мұрзагалиев, Никита Губарев (екеуі де – «Қайсар»), Бахтияр Төлеуов («Ertis»).
Жартылай қорғаушылар: Давид Есимбеков («Жетісу»), Олжас Байбек («Қайрат»), Әбінұр Нұрымбет, Тамерлан Ағыманов (екеуі де – «Ertis»), Вячеслав Раскатов («Каспий»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»).
Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Сейф Попов («Алтай»), Ян Труфанов («Атырау»), Мәжжан Тоқтыбай («Академия Оңтүстік»), Артем Литош («Шахтер»), Рамазан Бағдат («Қайрат»).
Еске салсақ, іріктеудің алғашқы турында Қазақстан жастар құрамасы Андорраны 1:0 есебімен жеңген болатын.