Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Нұрлан имам Қазақстан құрамасына батасын берді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
03.09.2025, 20:24

Ертең кешкі сағат 19:00-де «Астана Арена» стадионында Қазақстан ұлттық құрамасы Уэльс командасына қарсы алаңға шығады.

Instagram/@kff_team
Instagram/@kff_team

Нұрлан имамның үндеуі

Бұл кездесу – Еуропа іріктеу кезеңіндегі маңызды ойындардың бірі, әрі миллиондаған жанкүйердің тағатсыздана күтіп отырған сәті.

«Ұлттық құрама тізгінін сеніп тапсырған бас бапкеріміз, бауырымыз Әли Әлиев батыр ұландарымызды ертең алаңға бастап шығады. Бүгінгі күннің өзінде бапкеріміз жігіттермен жүздесіп, ақ тілегін айтып, батамды бердім. Бұл – тек тактика мен дайындық емес, рухани қолдау да. Ел намысы үшін сынға түсетін бозбалаларымыздың жүрегінде тек бір мақсат бар – Қазақстан абыройын асқақтату». 

Намыс пен жігердің сәті

«Құрамамыздың әр ойыншысы – елдің үмітін арқалаған жауынгер. Олар үшін бұл тек футбол ойыны емес, бұл – қазақ халқының намысы мен арманын қорғау.

Мен толық сенемін: жігіттеріміздің бойындағы намыс пен қайсарлық, тәлімгердің ақыл-кеңесі, жанкүйердің қолдауы бір арнаға тоғысып, жеңіс жолын ашады». 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір