Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Алматыға «Реалдың» неше жанкүйері келетіні белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
12.09.2025, 17:16

Алғаш рет Еуропаның басты додасының негізгі кезеңіне шыққан алматылық «Қайрат» жанкүйерлер үшін үлкен мереке сыйламақ. Мадридтік «Реалға» қарсы ойынға Испаниядан мыңдаған қонақ келеді деп жоспарланған. 

euronews.com
euronews.com

«Реал» жанкүйерлері Алматыға ағылып келеді

Испанияның Қазақстандағы елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтеса мәлімдегендей, Алматыға 1000-ға жуық «Реал» жанкүйері ат басын бұрмақ. Одан бөлек, Испаниядан 15–20 журналист, мадридтік клубтың баспасөз қызметі өкілдері және халықаралық трансляция топтары келеді.

Жалпы алғанда әртүрлі елдерден 5 мыңға дейін шетелдік туристің Алматыға ағылуы мүмкін екені айтылды. Бұл – Қазақстан футбол тарихындағы ең ірі жанкүйерлік ағындардың бірі болмақ.

Матч қашан және қайда өтеді?

Күні: 30 қыркүйек

Өтетін орны: Алматы, Орталық стадион

Билеттер: ойынның басталуына 10 күн қалғанда сатылымға шығарылады

Бұл кездесу ел тарихында ерекше орын алатыны анық. Себебі «Қайрат» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетпек.

«Қайраттың» қарсыластары

Мадридтің «Реалы» ғана емес, алматылық клубқа Еуропаның алпауыт командалары қарсылас болмақ:

  • «Спортинг» (Португалия)
  • «Пафос» (Кипр)
  • «Интер» (Италия)
  • «Копенгаген» (Дания)
  • «Олимпиакос» (Грекия)
  • «Брюгге» (Бельгия)
  • «Арсенал» (Англия)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір