«Қайрат» – «Реал» матчы: жанкүйерлер стадионға баса-көктеп кірмек болды (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Чемпиондар лигасының екінші тур ойыны кезінде ерекше жағдай болды. «Қайрат» пен «Реал» арасындағы кездесу басталғаннан кейін бірқатар жанкүйер кез келген жолмен стадионға кірмек болып, тәртіп сақшыларымен қақтығысты.

«Қайрат» – «Реал» матчы: жанкүйерлер стадионға баса-көктеп кірмек болды (ВИДЕО)
luxfm.kz

Оқиға сәті GOAL24 арнасында жарияланған бейнежазбада анық көрінеді. Кадрлардан жанкүйерлердің полиция қоршауын бұзып өтуге тырысқанын байқауға болады.

Материал жарияланған сәтте мадридтік «Реал» алматылық «Қайраттан» 3:0 есебімен алда келе жатты. «Реал» сапында үш голды Килиан Мбаппе соқты. Ол 25-минутта пенальтиден, 52-минутта ойын сәтінде және 74-минутта көзге түсті.

Айта кетсек, бұл – жалпы кезеңнің екінші туры. Алдыңғы матчта «Қайрат» сырт алаңда «Спортингтен» 1:4 есебімен жеңіліп қалған, ал «Реал» өз алаңында «Марсельді» 2:1 есебімен тізе бүктірген.