Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Интер" "Қайратқа" қарсы қандай құраммен шығатыны айтылды

Сарапшы, спорт журналисі

Бұрын «Тобыл» сапында ойнаған италиялық шабуылшы Годберг Купер алдағы «Интер» – «Қайрат» кездесуінің алдында мәлімдеме жасады. 

"Интер" "Қайратқа" қарсы қандай құраммен шығатыны айтылды
liveresult.ru

Чемпиондар лигасының жаңа форматында әр ұпай алтынмен тең. Сондықтан Симоне Индзаги шәкірттері Миланда өтетін матчқа негізгі құраммен шығады. “Тобыл” сапында ойнаған италиялық футболшы Годберг Купер осылай дейді. 

«Мен сенімдімін — "Интер" барлық негізгі ойыншыларын шығарады. Бұл жаңа форматта әрбір ойынның маңызы зор. Олар тіпті Италия чемпионатында "Фиорентинаға" қарсы да негізгі құраммен ойнады. Сол сияқты "Қайратқа" қарсы да бар күшін салады», — деді Годберг Купер ASnews.kz порталына берген сұхбатында.

Оның пікірінше, италиялық команда үш ұпайды міндетті түрде алу керек, өйткені алда оларды аса қиын қарсыластар күтіп тұр — "Атлетико", "Ливерпуль" және "Боруссия Дортмунд".

«Кейбіреулер "Қайратты" жеңіл ойын деп ойлауы мүмкін, бірақ Лига чемпиондарында ондай кездесу болмайды. Бұл турнирге шыққан кез келген команда өз орнын әділ жеңіп алған», — деді ол.

«Қайраттың» жағдайы және топтағы көрсеткіш

Алматылық «Қайрат» топтық кезеңнің алғашқы үш турында бір ғана ұпай жинады:

  • «Пафоспен» – 0:0
  • «Спортингтен» – 1:4
  • «Реалдан» – 0:5

Команда әзірге жеңіс көрмегенімен, өз ойынын табуға тырысып жүр. Ал төртінші турда оларды Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионында «Интермен» сын күтіп тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір