Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Елдегі барлық футбол клубы жекенің қолына өтеді

Сарапшы, спорт журналисі

Бұл іс алдағы 2-3 жылда жүзеге аспақ. 

Елдегі барлық футбол клубы жекенің қолына өтеді
ru.sputnik.kz

Қазақстан футболында жаңа кезең басталды. Алдағы 2–3 жылда елдегі барлық кәсіби клубтар жеке инвесторларға берілмек. Бұл туралы ҚФФ өкілі Бақытжан Пазылхайыр мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекет клубтарды жекешелендіруге толықтай дайын. Бұл туралы kz.kursiv.media хабарлады. 

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) кәсіби жарыстар дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр «Түйін» бағдарламасына берген сұхбатында ел футболы басқарудың жаңа жүйесіне өтетінін айтты. Бақытжан Пазылхайырдың мәліметінше, биылдың өзінде 4 футбол клубы жеке инвесторға сатылған.

«Жақында Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы жеке кәсіпкерге берілді. Бұл инвестор алдағы екі жылда 12 млрд теңгеге жаңа академия салуды міндетіне алды. Негізгі көңіл балалар футболына және жаттықтырушыларды даярлауға бөлінеді», — деді Бақытжан Пазылхайыр.

Қазан айының соңында «Қайсар» футбол клубы жаңа иесінің TAU GROUP компаниясы екенін, ал оның иесі кәсіпкер Ислам Қозбақов екенін ресми түрде хабарлады.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров та өңірдің басты командасы «Ақтөбе» клубы жекеменшікке өтетінін растады.

Одан бөлек, «Шахтер» (Қарағанды) — Freedom Holding Corp. еншілес компаниясы Freedom Finance стадион мен академия салуға ниетті екені белгілі болды. Сонымен қатар, «Қызыл-Жарды» (Петропавл) — «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» иесі Сергей Кан сатып алу мүмкіндігін қарастыруда. Ал «Жеңіс» (Астана) — Kaspi Group (Михаил Ломтадзе) футбол инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік

Қазақстанда жалпы 32 кәсіби футбол клубы бар, олардың 35%-ы бүгінде жекеменшік иелігінде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір