ҚПЛ Ұлттық Құрама Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
Қазақстан Құрама

«Қарабах» пен «Челси» арасындағы матчта сенсация тіркелді

Бакуде Чемпиондар лигасының төртінші турындағы ойын нағыз сенсациямен аяқталды. Әзербайжанның «Қарабах» клубы өз алаңында ағылшын алпауыты лондондық «Челсимен» тең ойнап (2:2), жанкүйерлерді таңғалдырды. 

«Қарабах» пен «Челси» арасындағы матчта сенсация тіркелді
instagram/@fcqarabagh

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ фаворит саналатын «Челси» басымдықты өз қолына алуға тырысты. Кездесудің 16-минутында Эстевао ағылшын клубын алға шығарды. Алайда бар болғаны 13 минут өткен соң, «Қарабах» ойыншысы Леандру Андраде есепті теңестірді.

Бірінші таймның соңына қарай, 39-минутта Марко Янкович пенальтиден мүлт кетпей, бакуліктерді алға шығарды. Бірақ екінші таймның басында Алехандро Гарначо өз командасын құтқарып, матчтың соңғы есебін белгіледі — 2:2.

Төрт турдан кейін екі команда да өз активінде жеті ұпайдан жинап отыр. Бұл нәтиже топтағы жағдайды барынша шиеленістіре түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?