Анкудинов Испания чемпионатының бесінші дивизионында (Tercera División) өнер көрсетіп келеді.
Қазақстандық форвард Данил Анкудинов Испанияда сәтті ойынын жалғастырып жатыр. 22 жастағы шабуылшы «Сеута Б» клубы үшін маңызды гол соғып, командасына үшінші жеңісін қатарынан сыйлады.
12-тур аясындағы кездесуде оның командасы «Сеута Б» қарсыласын 3:1 есебімен ұтты. Қазақстандық шабуылшы ойынның шешуші сәтінде гол соғып, матчтың соңғы нүктесін қойды. Бұған дейін «Сеута Б» «Конильді» 2:0 және «Атлетико Сентральды» 2:1 есебімен жеңген еді.
Осы нәтижелердің арқасында «Сеута Б» турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде орнықты. Команда қазіргі таңда 22 ұпай жинап, алдыңғы қатардағы клубтармен иық тірестіріп тұр.
Келесі турда Анкудиновтың командасы сырт алаңда «Кордобаның» фарм-клубымен кездеседі. Бұл ойын да команда үшін маусым тағдырын шешуі мүмкін маңызды кездесу болмақ.