"Қайрат" Финляндия құрамасының тағы бір ойыншысына көз тігіп отыр

Сарапшы, спорт журналисі

Естеріңізге салсақ, жақында "Қайрат" Яакко Оксаненмен келісімшартқа отырған еді.

"Қайрат" Финляндия құрамасының тағы бір ойыншысына көз тігіп отыр
Сурет: ашық дереккөздерден

Алматының «Қайрат» футбол клубы ресейлік қорғаушы Егор Сорокиннің орнына финляндиялық ойыншыны қатарға қосуды жоспарлап отыр.

18 желтоқсанда Сорокиннің «Қайраттан» кететіні ресми түрде белгілі болды. Осыған байланысты клуб басшылығы қорғаныс шебін күшейту жолдарын қарастыруда.

Mash спорт дереккөзінің мәліметінше, «Қайрат» Финляндияның КуПС клубында өнер көрсететін қорғаушы Самули Миеттиненге қызығушылық танытып отыр. 21 жастағы футболшының финдік клубпен келісімшарты жыл соңында аяқталады, сондықтан алматылықтар оны еркін агент ретінде құрамға қоса алады.

Өткен маусымда Миеттинен барлық турнирде 35 матчқа қатысып, екі голдың авторы атанды. Сондай-ақ ол Финляндияның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасына шақырылып жүр.

Айта кетейік, бұған дейін, 15 желтоқсанда «Қайрат» Миеттиненнің командаласы әрі отандасы, финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксаненмен келісімшарт жасаған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір