Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Forbes тізіміндегі олигарх ҚПЛ-дегі топ-клубтан бас тартты

Сарапшы, спорт журналисі

Тараптар ортақ мәмілеге келе алмаған. 

Forbes тізіміндегі олигарх ҚПЛ-дегі топ-клубтан бас тартты
KazFootball.kz

Қазақстандық кәсіпкер, Forbes тізіміне енген Андрей Лаврентьев Қостанайдың «Тобыл» футбол клубын сатып алмақ болған. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. 

Ақпарат көздерінің мәліметінше, Қостанай клубын сату жөніндегі келіссөздер жүргізілгенімен, тараптар ортақ мәмілеге келе алмаған. Нәтижесінде «Тобылды» сату туралы келісім жүзеге аспай қалды.

Андрей Лаврентьев:

  • «Аллюр» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы;
  • «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің басшысы;
  • «Агромашхолдинг KZ» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
  • Қостанайда салынып жатқан «Тобыл» көлік-логистикалық кешенінің серіктесі.

Айта кетейік, ол Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.

Бизнес саласымен қатар, Андрей Лаврентьев Қостанай облыстық триатлон федерациясының президенті.

2025 жылы Андрей Лаврентьев Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізімінде 12-орынға жайғасты.

Бұған дейін Лаврентьевке тиесілі Qarmet АҚ (бұрынғы ArcelorMittal Temirtau) қаржылық қиындық көріп отырған «Астана» футбол клубын сатып алуы мүмкін деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір