"Астана" шабуылшысы ресейлік клубқа тегін өтетін болды

Сарапшы, спорт журналисі

Джеффри Чинеду "Астана" сапынан тегін кетпек.

"Астана" шабуылшысы ресейлік клубқа тегін өтетін болды
Фото: "Астана" ФК

«Астана» клубының шабуылшысы Джеффри Чинеду «Крылья Советовқа» ауысуға жақын. Бұл туралы инсайдер Иван Карпов хабарлады.

Ресейлік журналисттің мәліметінше, «Астананың» форварды Самара клубына еркін агент ретінде, яғни тегін ауысуы мүмкін. 28 жастағы нигериялық шабуылшыны Магомед Адиев баптайтын команда өз құрамын күшейтетін нұсқа ретінде қарастырып отыр.

Осы жасқа дейін Чинеду Албания, Солтүстік Македония, Финляндия, Эстония, Сербия, Украина және Қазақстан чемпионаттарында өнер көрсетіп үлгерген. Ағымдағы маусымда ол «Астана» сапында барлық турнирді қоса есептегенде 31 матчта 12 гол соғып, екі нәтижелі пас берген. Сондай-ақ Конференция лигасының іріктеу кезеңінде молдовалық «Зимбру» қақпасына гол соққан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір