Қарағандылық «Шахтер» маңында ішкі тұрақсыздық күшейгені туралы мәлімет тарады. Командада басшылық пен бапкерлік штаб арасында түсініспеушіліктер пайда болған.
Amanvibe арнасы келтірген ақпаратта былай делінеді: бұдан шамамен жарты ай бұрын Қарағандыда өткен баспасөз мәслихатында клубтың жаңа жетекшілері үлкен мақсаттарды таныстырып, бас бапкер ретінде тәжірибелі отандық маман Дмитрий Огайды таныстырған.
Алайда жарияланым авторының айтуынша, сырт көзге «бәрі керемет» болып көрінгенімен клуб ішінде қазірдің өзінде басқару мәселелерінде ретсіздік, әртүрлі деңгейде дау-дамай, шешім қабылдау процесінде ішкі хаос байқалуы мүмкін.
Материалда негізгі түйткілдердің бірі ретінде бас бапкер мен клуб басшылығы арасындағы қақтығыс қаупі аталады. Сондай-ақ басқарушылық ықпалға қатысты мәселеде QJ League атқарушы директоры Александр Орловтың позициясы да сөз болады.
Amanvibe мәліметіне сәйкес, Рохус Рохусовичтің шақыруымен келген Ресейден маман команданың көптеген бағытын бақылауға алуға тырысып жүрген көрінеді. Бұл жағдай бапкерлер штабының мүддесімен үнемі қабыса бермейді.
Жарияланым соңында: «Осындай тәсілмен „Шахтер“ қаншалықты алға жылжи алады?» деген сұрақ қойылады.
Бұған дейін қарағандылық клубтың жаңа маусымға жоспарлы дайындығын бастап кеткені, ал оқу-жаттығу жиыны Шымкентте өтетіні хабарланған.