Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

ҚПЛ клубы бірден жеті футболшысынан айырылды

Сарапшы, спорт журналисі

Әлі бірнешесінің тағдыры шешілмеді.

ҚПЛ клубы бірден жеті футболшысынан айырылды
Алияр Мұхамед. Фото: "Оқжетпес" ФК

Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы маусымаралық кезеңде бірнеше ойыншының командадан кеткенін ресми түрде хабарлады.

Ең алдымен, ұжымды команданың капитаны Нияз Идрисов тастап кетті. 26 жастағы қорғаушы «Оқжетпес» сапында 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келген. Сондай-ақ команда бразилиялық қорғаушы Энцо Мендеспен де қош айтысты. Бұдан бөлек, жартылай қорғаушылар Серікжан Мұжықов, Арсен Аширбек, Никола Цуцкич және шабуылшылар Батырхан Тәжібай мен Алияр Мұхамед клубтан кетті.

Сонымен қатар, командадан Даурен Жұмат пен Дамир Мараттың да кетуі ықтимал екені айтылуда. Қазіргі таңда олардың болашағы белгісіз.

Еске салайық, 2025 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасы маусымында «Оқжетпес» басты сенсациялардың бірі атанды. Көкшетаулық клуб бірнеше күтпеген жеңіске қол жеткізді, соның ішінде ел чемпионы алматылық «Қайратты» да жеңіп, бір кезеңде турнир кестесінің үздік бестігіне енген еді. Алайда маусым қорытындысы бойынша команда сегізінші орынмен шектелді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір