ҚПЛ клубынан бір күнде бес ойыншы кетті
Қызылорданың «Қайсар» ФК бір күнде бес ойыншының командадан кеткенін мәлімдеді.
Ресми мәлімдеме: келісімшарттары аяқталды
Клубтың Instagram парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, келісімшарт мерзімінің бітуіне байланысты төмендегі футболшылар «Қайсардан» кетті:
- Ілияс Әмірсейітов
- Бекзат Құрманбекұлы
- Әліби Тұзақбаев
- Елжас Алтынбеков
- Қуаныш Қалмұратов
Маусым қорытындысы: 22 ұпай және 11-орын
Өткен маусым нәтижесінде қызылордалық ұжым 22 ұпай жинап, турнир кестесінде 11-орынға тұрақтаған.
Клуб жергілікті кәсіпкер Исламғали Козбақовтың меншігіне өткеннен кейін трансфер нарығында белсенді қимылдап, бірқатар легионермен келісімге келді.
Айта кетейік, ҚПЛ-2025 маусымының басында «Қайсар» басшылығы команда тек қазақстандық футболшылармен ойнайтынын мәлімдеген. Алайда қазіргі трансферлік бағыт клубтың жоспарында өзгеріс болғанын аңғартуы мүмкін.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.