«Челси» рекордтық ұсыныс әзірлеп жатыр.
Британдық The Guardian басылымының мәліметіне сүйенсек, лондондық «Челси» мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниорды қатарға қосуды көздеп, 160 миллион фунт стерлинг көлемінде рекордтық ұсыныс дайындап отыр.
Ағылшындық клуб Бразилия құрамасының ойыншысы Испанияда тап болған күрделі жағдайды тиімді пайдалануды жоспарлайды және трансферді жақын уақытта-ақ аяқтауға талпынып отыр.
Дереккөзге қарағанда, Винисиустың «Реалдағы» спорттық жағдайына бірнеше фактор әсер етіп отыр:
Сонымен қатар алаңдағы эмоциялық қысым ойыншының қанағаттанбауымен және жанкүйерлермен ортақ түсініктің әлсіреуімен күшейе түскені айтылады. Сарапшылар мұның бәрі Винисиустың келісімшартты ұзарту жөніндегі келіссөздерден бас тартуына ықпал етуі мүмкін екенін алға тартады.
Винисиус Жуниордың қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін есептелген. Осы тұста «Реал» басшылығының алдында күрделі дилемма тұр деген ақпарат бар.
«Челсидің» ұсынысы тым ірі болғандықтан мадридтік клуб оны елемеусіз қалдыра алмайды. Сондықтан ықтимал мәміле алдағы трансферлік кезеңде жүзеге асуы ғажап емес.
Еске салайық, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев ресми түрде 2026 жылдың жазында, яғни 18 жасқа толғанда лондондық «Челсиге» қосылады. Бұл – Ұлыбританиядағы кәмелетке толмаған ойыншылардың трансферіне қатысты ережелермен байланысты.