Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Келісімшарт ұсынылды: "қазақ Мессиі" ҚПЛ-ден кете ме?

Сарапшы, спорт журналисі

Ұлттық құрама ойыншысы Еркебұлан Сейдахметке ұсыныс түсті.

Келісімшарт ұсынылды: "қазақ Мессиі" ҚПЛ-ден кете ме?
Еркебұлан Сейдахмет. Фото: ҚФФ

Қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет туған қаласы Таразға қайта оралып, жергілікті клубтың ҚПЛ-ға оралу жолындағы күресіне көмектесуі мүмкін. Бұл туралы «Тараз» футбол клубының директоры Дидар Сыдықбек өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Оның айтуынша, тараптар ойыншының камбэгін талқылаған.

«Еркебұлан Сейдахметпен оның «Таразға» оралу мәселесі жөнінде әңгімелестік. Оған келісімшарт ұсындық. Жақын арада нақты жауабын береді», – деп жазды Сыдықбек.

Дегенмен бұл трансферге қатысты маңызды бір жайт бар. Қазіргі таңда Еркебұлан Сейдахметтің «Ақтөбе» клубымен келісімшарты бар.

«Егер осы мәселе оңтайлы шешілсе, Еркош уәдесінде тұрып, туған қаласына оралуға дайын», – деп қосты функционер.

Айта кетейік, Сейдахмет – Жамбыл футболының ең жарқын түлектерінің бірі. «Ақтөбе» сапына ол былтыр ақпан айында «Қайрат» клубынан ауысқан.

Былтырғы маусымда ол 18 матчқа қатысып, бір гол соқты және төрт нәтижелі паспен көзге түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір